- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бозымбаев:Біздің негізгі мақсатымыз – жұмыс орындарын сақтау
Қ.Бозымбаев:Біздің негізгі мақсатымыз – жұмыс орындарын сақтау
Құжатқа қол қойған кәсіпорындардың қатарында: «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпалар зауыты, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ, «Екібастұз қаласының №1 ҚАЭС» ЖШС, «Екібастұз қаласының №2 ҚАЭС» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС тәрізді өңірдегі ірі өндіріс ошақтары болды.
Меморандумға қол қою барысында облыс әкімі Қ. Бозымбаев: «Біздің негізгі міндетіміз – экономиканың қазіргі кездегі даму деңгейі мен жұмыс орындарын сақтай отырып, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруымыз қажет»,- деп атап өтті.
Қол қойылған құжаттардың шеңберінде облыс әкімдігі өз құзыреттілігі бойынша кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі күрделі мәселелерді шешуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес инвестициялар тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен кәсіподақтың қатысуымен бірге әлеуметтік әрекеттестік пен еңбек қатынастарын реттеуге; жұмысшыларды өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау мен кәсіби оқытуды жүргізуге жәрдемдеседі және Меморандумды жүзеге асыру бойынша өзге де іс-қимылдарды атқарады.
Бүгінгі таңда облыста өндіріс үрдістерін тұрақтандыру, жұмыс орындарын сақтау және жұмысшыларды жұмыспен қамту бойынша 1546 меморандумға қол қойылған.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері