• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәскеуде ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығының биржалық саудасын дамыту мәселесі талқыланды

Мәскеуде ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығының биржалық саудасын дамыту мәселесі талқыланды

19 Ақпан, 2016 12:08
Мәскеуде ЕАЭО елдерінің сарапшылары «Ауыл шаруашылық өнімдерінің биржалық сауда құралдарын үйлестіруді дамыту» Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясы жобасының кепілдемесін ұсынды.

ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай,  Одақта тауарлық нарықты қалыптастырудағы кедергілер талқыланды.

«Консультативтік комитет жанындағы жұмыс тобының кеңесінде агроөндірістік кешеннің «Ауыл  шаруашылық өнімнің биржалық саудасы» бағыты  талқыланды. Шараны  ЕЭК Агроөндірістік саясат департаменті  ұйымдастырды», - делінген хабарламада.

Жобалар Комиссия мен ауыл шаруашылық өнімдерінің ЕАЭО-да биржалық сауда басымдықтарын әзірлеуді қарастырады.

Бұл ауыл шаруашылық саласындағы  тауар саудасының биржасының үлесін көтеруге мүмкіндік береді.

 

 

Барлық жаңалықтар