• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанайда 3 жыл ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 14 балабақша іске қосылды

Қостанайда 3 жыл ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 14 балабақша іске қосылды

14 Қараша, 2013 14:28
«Балапан» мемлекеттік бағдарламаның іске асыруының үш жылында Қостанай қаласында балабақшалардың саны 14 бірлікке өсті, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«2010 жылдан бастап «Балапан» бағдарламасының іске асырылуы Қостанай қаласында мектепке дейін тәрбиелеу және оқытумен 2650 баланың қосымша қамтылу мүмкіндігін туғызды.  Бүгінгі күнге желі 28 шағын-орталықты енгізіп отыр, соның ішінде 6 жеке, жалпы білім беретін мектептер жанындағы мектепке дейін дайындаудың 75 сыныбы, 39 бала бақша. Сондай-ақ, «Балапан» бағдарламасы бойынша 3 жыл ішінде 14 балабақша іске қосылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерімен балалардың жалпы қамтылуы 16 700 адамды құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен бала бақшаларда 8,5 мың бала қамтылған, соның ішінде 3 мыңнан астам бала білімді мемлекеттік тілде алады. 

Айта кетейік, қала бюджетіне бүгінге бір баланы ұстау құны  19 мың теңге шамасын құрайды. 

Барлық жаңалықтар