• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Маммадов: Қазақстанда сайлау әдетте жақсы демократиялық жағдайларда өтеді (ФОТО)

Р.Маммадов: Қазақстанда сайлау әдетте жақсы демократиялық жағдайларда өтеді (ФОТО)

18 Ақпан, 2016 19:23
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұловтың Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Э. Маммадовпен кездесуі болды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В. Охлопкова және Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасы Елшілігінің Үшінші хатшысы Немат Алиев қатысты.

Ортсайлауком Басшысы Маммадов мырзаны 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы  Әзірбайжан Республикасының Елшісі қызметіне кіріскенімен құттықтады және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысымен таныстырды.

«20 ақпаннан партиялық тізімдері тіркелген алты саяси партия үшін электораттық науқанның негізгі кезеңдерінің бірі – сайлауалды үгіт басталады. Сондай-ақ 20 ақпаннан  Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталады» - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова кездесуге қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісінің 9 депутатын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Маммадов мырза Қазақстан мен Әзірбайжанды біраз жылғы табысты ынтымақтастық байланыстыратынын, оның ішінде біздің елдердегі сайлау процесін байқауды ұйымдастырудағы тәжірибе алмасуды атап өтті.

Сондай-ақ Елші мырза дипломатиялық корпустың ағымдағы парламенттік сайлауға мониторинг жүргізуге халықаралық байқаушылар ретінде қатысатыны туралы ақпараттандырды және Қазақстан Республикасында сайлау әдетте жақсы демократиялық жағдайларда өтетінін атап өтті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар