- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өңірлерде қолжетімді тұрғын үй объектілері құрылысын салу барысы талқыланды
Астанада өңірлерде қолжетімді тұрғын үй объектілері құрылысын салу барысы талқыланды
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қолжетімді баспана құрылысын жүргізіп жатқан компаниялар құрылыс барысы туралы ақпаратпен бөлісті.
Қарағанды қаласында «Жанұя» ТК салып жатқан "ККК-Инжиниринг" ЖШС директоры Александр Кику инженерлік желілерді тарту барысындағы проблемаларды тілге тиек етті. Бірақ туындаған қиындықтарға қарамастан, компания тұрғын үй кешенінің бірінші кезегін белгіленген мерзімде (2015 жылғы желтоқсан) пайдалануға берді.
Тұрғын үй кешенін салу кезінде Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму және моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында құрылған «ККК Бетон» ЖШС темірбетон өнімдерін шығаратын зауыттың өнімдері пайдаланылды.
Шығыс Қазақстанда да тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілуде. Жылжымайтын мүлік қоры бас мердігер «ВК Техногрупп» ЖШС-мен бірлесіп, Өскемен қаласында Ілияс Есенберлин даңғылында көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызуда. Бүгінгі таңда тоғыз үйдің жетеуі пайдалануға беріліп үлгерді. Пәтерлердің жалпы ауданы 25 000 шаршы метрден астам, пәтерлер саны – 431, соның ішінде бір бөлмелі пәтер – 171, екі бөлмелі пәтер – 162, үш бөлмелі пәтер – 98. Қалған үйлерді пайдалануға беру 2016 жылдың аяғына көзделген.
Кездесуде Атырау, Қызылорда, Шымкент және Астана қалаларында қолжетімді баспана салу мәселелері қаралды.
Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын бағдарламалар қолжетімді баспана салуға мүмкіндік береді, жаңа жұмыс орындарын ашады, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидатымен бірлескен жобаларды іске асыра отырып, Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысы саласына шамамен 18 млрд.теңге жеке инвестиция тартты, бұл өңірлерде 4 000-нан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында құрылыс салушы компаниялардың басшылары өз міндеттемелерін мерзімінде орындауға дайын екендіктерін жеткізді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері