• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың соңына дейін ОҚО-да 5 индустриалды аймақтың құрылысын аяқтау жоспарланған (ФОТО)

2016 жылдың соңына дейін ОҚО-да 5 индустриалды аймақтың құрылысын аяқтау жоспарланған (ФОТО)

18 Ақпан, 2016 19:17
2016 жылдың соңына дейін ОҚО-да 5 индустриалды аймақтың құрылысын аяқтау жоспарланған, деді өңір басшысы Б.Атамқұлов халыққа есеп беру барысында.

Есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ж.Естенов қатысты.

2015 жылы өнеркәсіп саласында 668,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл 2014-ші жылмен салыстырғанда 64,5 млрд. теңгеге артты. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада 5-ші орынды иеленді.

2015 жылы жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48 мың АҚШ долл. құрады. Бұл  2014 жылмен  салыстырғанда 18% артты.

Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,5% өсті.  Сондай-ақ, республикада мақтаның өнімі бойынша 100% көрсеткішті Оңтүстік Қазақстан облысы беріп отыр. Ал, бақшаның өнімі бойынша 65%, жеміс-жидек 36%, жүзім 65% біздің облысқа тиесілі. Жалпы атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, республикада алдыңғы орындарды иеленіп келеді.

2016 жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталған аймақ басшысы барлық жұмыстар – Елбасының халыққа жасаған Жолдауы аясында және мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспары - 5 институционалды реформаны іске асырудың 100 нақты қадамын жүзеге асыру шеңберінде іске асатынын айтты.  

Инвестиция тартудың тағы бір тетігі – бұл индустриалдық аймақтар. Өткен жылы қосымша 3 индустриалдық аймақтың құрылысы аяқталып, осы жылы тағы 5-ін іске қосу жоспарлануда. Сонымен  өңірде жалпы 11 индустриялды аймақты  құрап отыр.

Осы аймақтарға инвестиция көлемі 145 млрд. теңгені құрайтын 142 жоба мақұлданып, олардың 50-і толық іске қосылған.

Алғашқы ашылған «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан кәсіпорындар есебінен бүгінгі күнде бюджетке салық ретінде 4,4 млрд. теңге түсіп, мемлекеттің инфрақұрылымға жұмсаған 6,8 млрд. теңгенің 65% бюджетке қайтқан.           

Ал кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімшілік барьерлерді азайтуға күш салынып жатыр. Осы мақсатта облыста «бір терезе» принципі бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Барлық аудан, қалаларда кәсіпкерлік мектептер ашылған. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша біздің облыста ғана несие беретін «Максимум» аймақтық-инвестициялық орталық жұмыс істейді. Ол орталық – екінші деңгейдегі банкттерден пайыздық мөлшері төмен несие береді.

 

Барлық жаңалықтар