Жоғары Сот Кеңесі білікті комиссияның жаңа құрамын бекітті

18 Ақпан, 2016 17:41
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өткізілді, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Жоғары Сот Кеңесіне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да тұлғалар кіреді және Елбасының соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету оның негізгі міндеті болып табылады. Осы ретте Кеңес мүшелерінің жартысын судьялар қауымдастығының өкілдері – судьялар мен отставкадағы судьялар құрайды.

Отырыста судья лауазымына кандидаттардан емтиханды қабылдау жөніндегі Біліктілік комиссиясының жаңа құрамы бекітілді, оның  құрамына ғылыми қауымдастықтың, прокуратураның, әділет органдарының, адвокатураның және жұртшылық өкілдері кірді. Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы Біліктілік комиссиясының төрағасы болып тағайындалды, комиссия мүшелері - Әленов Марат Әмрадінұлы, Бейбітов Мұрат Садықұлы, Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы, Сәрсенбаев Талғат Есенәліұлы, Сқақов Айдарқан Бәйдекұлы, Дембаев Болат Бекназарұлы, Жапаров Нұржан Тұрарұлы, Түгел Әнуар Құрманбайұлы, Жанәбілова Әсел Болатқазықызы, Сәрсембаева Самал Тілекқызы.

Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың жанындағы аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымына Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның құрамы  бекітілді. Архарова Жаңылсын Баянқызы комиссия төрағасы, мүшелері – Әбнәсіров Серік Қазыбекұлы, Әріпов Ерден Рауанұлы, Волкова Жанна Анатольевна, Кейкібасова Зауре Балғазықызы, Шипп Денис Алексеевич, Мамонтов Николай Иванович, Тоқболатов Ибрагим Тілеуұлы, Рахымбекова Алина Болатқызы мүшелері болып тағайындалды.

Судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнамалық жаңашылдықтарды іске асыру мақсатында отырыста Жоғары Сот Кеңесінің Регламенті, Кадр резервін қалыптастыру және оған қатысты жұмысты ұйымдастыру қағидасы мен Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілді. Аталған құжаттар арқылы сот жүйесінде меритократия қағидатын жүзеге асырыу көзделген, сондай-ақ судьяларды іріктеуге жұртшылық өкілдерінің қатысуы мәселелері мен Жоғары Сот Кеңесі қызметінің ішкі тәртібі реттеледі.

Бұған қоса, отырыста сот жүйесі мен Жоғары Сот Кеңесінің ұйымдық-кадрлық мәселелер, оның ішінде Жоғары Сот Кеңесінің 2016 жылға арналған Жұмыс жоспары қаралды.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) кейбір соттардың судьялар санын өзгерту туралы ұсынысына Кеңестің келісімі берілді.

Өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуына байланысты кейбір соттардың төрағалары (А.М.Ахметов, Б.А.Қатықбаев, Е.М.Қожабергинов, Е.С.Қоянбаев, Н.К.Нұралин) мен соттар судьяларын лауазымынан босату туралы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстары қолдау тапты.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

 

 

Барлық жаңалықтар