- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да Кәсiпкерлiктi қолдау картасына 3 жоба қосылды
СҚО-да Кәсiпкерлiктi қолдау картасына 3 жоба қосылды
Елiмiзде қаңтардың 1-нен бастап Кәсiпкерлiк кодексi күшiне ендi. Жаңа құжатқа сәйкес, Индустрияландыру картасы бұдан кейiн Өңiрлердегi кәсiпкерлiктi қолдау картасы болып аталады. Республикалық деңгейде Индустрияландыру картасы болып қалады.
Өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң отырысы барысында 4 жоба қарастырылды. Олардың үшеуi Өңiрлердегi кәсiпкерлiктi қолдау картасына қосуға ұсынылды.
Полипропилендi ыдыстарды шығарудыж жоспарлаған кәсiпорын жұмысы облысымыз үшiн тың жоба. «SMBGROUP Family» ЖШС-гi 12 млн дана қап пен 600 мыңға жуық биг-бэгтердi шығаруды жоспарлап отыр.
Жобаны ұсынған Асхат Исенов ғимарат сатып алынып, жабдықтарды орнату үшiн нысан iшiнде қайта құру жұмыстары жүргiзiлiп жатқанын, өнiмдi жеткiзу бойынша келiсiмдер жасалғанын атап өттi.
Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеуге байланысты тағы бiр жобаның бiздiң аграрлы өңiрiмiз үшiн маңызы зор.
«Максимальный размах CORPORATION» ЖШС-гi тоңазытылған ет пен көкөнiс жартылай фабрикаттарын шығарумен айналыспақ. Жобаны үш кезеңге бөлiп, 2017-2020 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған.
Өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң мүшелерi кәсiпорын директоры Максим Калининге бiрқатар сауалдар қойып, жобалық-сметалық құжаттаманы уақтылы дайындауға кеңес бердi.
«Жақсы жоба. Бұл нағыз қайта өңдеу. Жобаны кәсiпкерлiктi қолдау картасына қосу үшiн мақұлдау қажет деп есептеймiн», — дедi Ерiк Сұлтанов.
Сондай-ақ, өңiр басшысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу картасына осы жобаны қосу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары