• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Джасем: Қазақстан Анкара мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруде маңызды рөл атқара алады

Б.Джасем: Қазақстан Анкара мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруде маңызды рөл атқара алады

19 Ақпан, 2016 09:13
Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен тәжірибесі бар және ол кісі иранның ядролық мәселесін шешуге үлес қосты. Көптеген жылдар бойы Иран мен Батыс арасындағы қарым-қатынаста орын алды. Менің ойымша, ол кісі Батыс басшылары мен Путин мырза арасындағы кейбір қарым-қатынастағы шиеленістерді шеше алар еді. Бұл жөнінде арабтың атақты журналисті және саясаткер Басель Хадж Джасем(Сирия) Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып өтті.

«Қазақстан Анкара мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруде маңызды рөл атқара алады. Өйткені бұл екі мемлекет арасына ғана қатысты жағдай емес. Бұл шиеленісті жағдай Орталық Азияға мен Кавказға да әсерін тигізеді.  Барлығы «ең ыстық нүкте» Сирия екендігін түсіну керек. Менің ойымша, барлық ел Қазақстанның көшбасшысына қарауда. Өйткені ол Реджеп Таип Ердоған мен Владимир Путиннің досы. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен тәжірибесі бар және ол кісі иранның ядролық мәселесін шешуге үлес қосты. Көптеген жылдар бойы Иран мен Батыс арасындағы қарым-қатынаста орын алды. Менің ойымша, ол кісі Батыс басшылары мен Путин мырза арасындағы кейбір қарым-қатынастағы шиеленістерід шеше алар еді. Қазіргі күні болып жатқан жағдайды Путин мен Ердоған арасындағы кездесу бәсеңдетіп, Сирияда болған жағдайға әсер етіп, сириялық халықтың  жоғалуын азайтуға көмектеседі. Бүгінгі күні, барлығы аталмыш жағдайға Қазақстанның көмектескенін күтуде. Өйткені бұл қадам Сириядағы жағдайды үйлестіруге негіз болады»,-деді сириялық сарапшы.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстан Сирияда ұзақ уақытқа созылған шиеленісте дәйекті жақтаушы болып келеді. Өткен жылы Астанада екі рет сириялық оппозияцияның кездесуі өткізілді және сол кездесу барысында маңызды қорытынды құжат қабылданды.

Данияр Қасымов

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Барлық жаңалықтар