- Басты
- Жаңалықтар
- Я.Бутаков: Ұлт жоспарының басты мақсаты – Қазақстан тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылу
Я.Бутаков: Ұлт жоспарының басты мақсаты – Қазақстан тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылу
«2016 жылдың 1 қаңтарынан басталған бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы Қазақстанның тарихи жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Бұл бағдарламаның іске асуы арқылы Қазақстанның тәуелсіздігі нығаяды, жаңа бағдарлар айқындалады. Сонымен қатар, Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы көшбасшы мемлекет ретінде танылатын болады. Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен жетілдірілген концепция ғылыми негізге сүйенген, ең алғашқы және әлемдік тәжірибені сәтті жүзеге асырған заманауи мемлекеттің үлгісі деуге болады. Бұл экономикалық кешеннің дамуына, құқықтық мемлекеттің жалпы демократиялық құндылықтарын жүзеге асыруға, ұлттық ар-намыстың биіктігіне қатысты»,-дейді ресейлік сарапшы.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған институционалды реформа Қазақстанның ұзақмерзімді дамуы үшін өте маңызды. Ұлт жоспары Қазақстанның тіуелсіздігін нығайтып, әрбір азаматының лайықты өмір сүруіне жағдай жасайды, деп есептейді Ресей саясаткері.
«Болашақтың негізгі жетістігі дұрыс институционалдық даму. Дәл осы аспект Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен құрылғын жаңа Ұлт жоспарында интегральді ортадан табылады. Ұлт көшбасшысының мінсіз баяндалған логикалық стилін қайталаудың қажеті бар ма? Қазақстан тұжырымдамалық жаңарған дүниелерімен посткеңестік кеңістікте жол басшы бола алады. Нақты институция – бәрінен бұрын тәртіп, шенеунік пен қарапайым халықтың тең дәрежеде болуы қамтамасыз етілген. Онысыз өзіңді заманауи жетістікке жеткен мемлекет ретінде санау мүмкін емес. Жаңа Ұлт жоспары алдыңғы қатарлы демократиялық елдің мол тәжірибесі негізінде қайта түлеудің басты құралы. Ұлт жоспарында Қазақстанның тәуелсіздігін бұдан әрі нығайтатын және әрбір азаматының лайықты өмір сүруіне жағдай жасайтын кешенді жоспарлар құрылған. Бұдан өзге басқа идеологиялық артық мәселе айтылмайды. Қазақстанның саяси элитасы Ұлт көшбасшысының дұрыс мақсаттағы басшылығын қолдай отырып, өз елдерінің гүлденуіне, әлемдік деңгейдегі қандай да бір жетістіктерге жетуіне және экономикалық қуатын арттыруға талпынады»,-деп атап өтті Я. Бутаков.
Данияр Қасымов
Сурет жеке мұрағаттан алынды
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады