- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік ел» пойызына мінген мамандар Ақтоғай ауылының оқушыларына білім бағдарламасы жөнінде семинар өткізді (ФОТО)
«Мәңгілік ел» пойызына мінген мамандар Ақтоғай ауылының оқушыларына білім бағдарламасы жөнінде семинар өткізді (ФОТО)
Ауыл тұрғындары барған қонақтарды салтанатты түрде қарсы алып, акция қатысушыларының көрсеткен көмектеріне ризашылықтарын білдірді. Пойыз келерден он күн бұрын ауылда министрлік өкілдеріне, заңгерлерге, «Даму» қоры мен басқа да сала өкілдеріне қоятын сұрақтарын дайындаған. Ал, ауруханаларда елордадан баратын медицина мамандарының қабылдауына емделушілер алдын ала жазылып та қойған.
«Ақтоғай ауылдық ауруханасы 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендердің халқына қызмет көрсетеді. Біз үлкен күре жолдың бойында орналасқан ауыл болғандықтан сырттан келіп емделушілер де көп. Еліміздің шалғайдағы ауылдарын ескеріп, Астанадан арнайы келген мамандарға зор ризашылығымызды білдіреміз. Осындай білікті мамандар бізге өте қажет. Ауыл халқы да риза. Жұрт таң атқаннан бері дәрігерлерден кеңес алуға кезекке тұрды»,-дейді «Мәңгілік ел» пойызымен барған дәрігерлер орналасқан аурухананың бас дәрігері Руслан Долбақов.
Ауыл оқушылары да назардан тыс қалған жоқ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мектеп бітірушілермен және тоғызыншы сынып оқушарымен кездесіп, жоғары білім алудың мүмкіндіктерін және ауылдық жерлердегі оқушыларға жасалатын жеңілдіктер жайын түсіндіретін арнайы семинар ұйымдастырды. Ауыл ұстаздары арнайы барған қонақтарға мектептің жетістіктерін айтып, мемлекетпен министрліктің ауылды жерлердегі білім беру саласына назар аударғандары үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, мамандармен өзекті мәселелерді талқылады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай