• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева: Медициналық сақтандыру Қазақстанның өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарын көлеңкеден алып шығады

Д.Назарбаева: Медициналық сақтандыру Қазақстанның өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарын көлеңкеден алып шығады

18 Ақпан, 2016 14:16
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарды көлеңкеден алып шығады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева ҚР ДСӘДМ-нің кеңейтілген алқа отырысында айтып өтті.

«Медициналық сақтандыру өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарды  көлеңкеден алып шығады. 2 млн 700 мың адам барлық ресми түрде жұмыс істейтін қызметкерлер секілді азаматтарға  салық төлеп тұрады, тегін медициналық көмек алады, олардың балалары тегін білім алуда және бірінші жұмыс мамандықтарын да тегін алатын болады. Сонымен қатар,  әлеуметтік қорғауға, қартайғанда зейнетақы алуға үміттенеді және бюджетке ешқандай ақша төлемейді. Бұл әділетті емес»,-деді ол.

Сонымен бірге, Д.Назарбаева бұрындары мемлекет осындай жағдайға көз жұма қарағандығын айтып өтті. Өйткені өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өздерін жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етіп отырды.

«Бұндай жүйеде барлық дамыған елдер тұр. Ал, көптеген елдерде салық салу біздікіне қарағанда 2-3 есе жоғары болып табылады. Біз скандинавиялық ел туралы айтқанды жақсы көреміз. Алайда, олардың  салық салу деңгейі кірістің 60-70%-ын құрайды. Бізде либералды салық саясаты. Сол себепті ар-ұятты сақтап, салық төлеп тұру керек»,-деді Д.Назарбаева.  

Осыған орай, республикада енгізіліп жатқан медициналық сақтандырудың жаңа жүйесіне орай, «медициналық сақтандыруды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ала алмайтын болады».

«Бұл біздердің оларды толықтай көмектен айырғымыз келгендіктен жасалап жатқан жоқ. Егер олар ешбір жерде жұмыс жасамаса, онда олар жұмыс орындарының орталығына барып, жұмыссызбын деп тіркелсін, жәрдемақы алады, оның жұмыс орталығы өзі қалаған салада біліктілікілігін жоғарылатуға  жібереді және оның барлығы бюджеттік ақшаға жасалады, содан кейін жұмысқа орналастырады: ал сен жұмыс істеп, салық төлеп отыр. Сол себепті ешқандай түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек емес. Бұл жүйе нақты әрі әділетті»,-деді вице-премьер.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар