• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта ҚР мен Словакия арасында инвестицияны өзара қорғау келісімі қаралды

Сенатта ҚР мен Словакия арасында инвестицияны өзара қорғау келісімі қаралды

18 Ақпан, 2016 14:32
Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словакия Үкіметі арасында инвестицияны өзара қорғау келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словакия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау» туралы заң жобасы талқыланды.

«Осы уақытқа дейін Қазақстан инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы 48 мемлекетпен балама келісімге қол қойған. Олардың арасында АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Корея және тағы бірқатар дамыған мемлекеттер бар. Ал Ресейдегі мұндай келісімдердің саны 74-ті құрап отыр», – деді Р.Тасболатов.

Оның айтуынша, бұл келісімдер екі елдің кәсіпкерлері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

«Жалпы, Словакия мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынасқа келер болса, онда екі ел арасындағы транзиттік әлеует өте жоғары. Өздеріңіз білетіндей, Словакия фармацевтика, құрылыс саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқан мемлекет. Сондықтан, осы салада инвестициялар тару ел экономикасының дамуына үлкен ықпал етеді. Мемлекеттер арасында инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісім жасасу екі елдің кәсіпкерлері келісімге қол қойған мемлекеттердің аумағында өз бизнестерін ашып, экономикаға оң серпін беруге құқықтық негіз болады. Қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде ел экономикасына инвестициялар тартудың маңызы зор», – деп түйіндеді комитет төрағасының орынбасары.

Барлық жаңалықтар