• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева: Медициналық мекемелерді басқару жүйесі халық үшін ашық болуы керек

Д.Назарбаева: Медициналық мекемелерді басқару жүйесі халық үшін ашық болуы керек

18 Ақпан, 2016 13:58
Медициналық мекемелерді басқару жүйесі халық үшін ашық болуы керек, деді Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген отырысында.

«Медициналық мекемелерді басқару жүйесі ашық болуы керек, ол тек Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық басқару үшін ғана емес халық үшін де ашық болғаны жөн. Халық  олардың қаржысы қаншалықты тиімді қолданылып жатқанынан хабардар болуы керек», - деді Т.Дүйсенова.

Ол бүгінгі бақылаушы кеңестер формальді түрде жұмыс істеп жатқандарына назар аударды. Оның айтуынша, бұл кеңестердің жұмысын регламенттеу  қажет, бақылаушы кеңеске қаншалықты шешімдер таныстырылатындығын ескеру қажет.

«Бұл жұмыс қозғалыстарға қол жеткізу үшін өте маңызды. Сондықтан да халық өз қаржыларының қалай таратылып, қолданғанын білуге құқылы», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар