- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылға отандық кәсіпорындардың мемлекеттік қорғаныс тапсырысына әзірлігі тексерілді (ФОТО)
2016 жылға отандық кәсіпорындардың мемлекеттік қорғаныс тапсырысына әзірлігі тексерілді (ФОТО)
Кәсіпорынды 2016 жылға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыруға әзір болуын тексерді. Инспекция барысында зауыт ҚР Қарулы Күштерінің жаңа тапсырысын алуға сақадай сай дайын екенін растады. Жақын арада мұнда алдағы өндірістік және технологиялық процесті игеру және өндірістік жоспарды нақтылау жөніндегі жұмысты бастау жоспарлануда.
«Өндірісті дамытудың оң үрдісін қолдау, кадрлық әлеуетті арттыру және жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігінің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттің де бірінші кезектегі міндеттері болып табылады» , - деп Нұрлан Сауранбаев атап өтті.
«Бізде келіп түсетін техниканы бөлшектеу, жуу мен жөндеу, танктер мен БТР-ды бояу және құрастыруға дейін бірнеше бөлшектен құралған негізгі өндіріс орналасқан. Өндіріс толық көлемде броньды техниканы күрделі жөндеуді жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдықпен жабдықталған», - деп түсіндірді «Семей инжиниринг» АҚ біріккен цехтардың бастығы Валерий Кохачев.
Бүгінде кәсіпорынның штатында 600-дей адам жұмыс жасайды. Зауытты одан әрі толыққанды дамыту мақсатында биылғы жылы броньды танкті техниканы дайындау және жаңғырту аясында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-нұсқаулық жұмыстарын бірлесіп өткізу туралы Ұлттық қорғаныс университетімен меморандумға қол қойылды. «Аталмыш меморандум зауытқа өз мамандарының біліктілігін арттыруға, әртүрлі салаларда зертханалық зерттеулерді әзірлеу және өткізу аясында қосымша мүмкіндіктерді жоғарлатуға мүмкіндік туғызады», - деп аға нұсқаушы Виталий Кузнецов атап өтті.
«Семей инжиниринг» АҚ «Қазақстан инжиниринг» АҚ-тың еншілес кәсіпорны болып табылатынын айта кеткен жөн. Бүгінде зауыт броньды танкті техниканы күрделі жөндеуден өткізетін және конверсиялық техника дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір мамандандырылған кәсіпорын болып табылады. Осынау кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын, бронетранспортерларды күрделі, орташа және регламенттік жөндеу, танктерді, жауынгерлік барлау-десанттық машинаны, шағын жеңіл құрышталған тартқышты жөндеу болып келеді. Кәсіпорын сонымен қатар Т-72 танктерін жаңғырту, әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы күрделі жөндеу және дайындаумен айналысады.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты