Ақтөбе облысында ШОБ саласында 131,7 мың адам еңбек етуде

18 Ақпан, 2016 16:04
Ақтөбе облысында 50,2 мың шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектісі жұмыс істейді. Олар 344,0 млрд. теңгенің* өнімін (ақпарат 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша) өндірді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

ШОК саласында 131,7 мың адам немесе облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 30% еңбек етуде.

Мемлекет және қаржы институттары тарапынан қаржылай - несиелей қолдау көрсету ШОК дамытудың басты шарттарының бірі болып табылады.

Сондықтан 2015 жылдың басынан бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға облыста 3,8 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы облыс әкімдігі ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту және жаңадан бастап жүрген жас кәсіпкерлерге көмек көрсету бойынша Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен, «АЛМЭКС Холдингтік Тобы» АҚ, «ФФПСХ» АҚ және«Даму» КДҚ» АҚ бірқатар ынтымақтастық туралы 1,8 млрд. теңге сомасында меморандумдарға қол қойылды.

Бұдан басқа, әрбір ауданда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді, олар 2015 жылдың өзінде ғана тұрғындарға 17,7 мың консультативтік қызмет көрсетті.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы ауқымында біздің облыс шағын несиелендірудің тиімділігін арттыру жөніндегі ілкі жобаға енгізілді, онда шағын несие сомасын 3-тен 6 миллионға дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл ШОК саласын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Сауда саласын жыл сайын белсенді дамып келеді, 2015 жылы бөлшек сауда көлемі 414,2 млрд. теңге құрады. Бұл 2014 жылға қарағанда 24,5 млрд. теңгеге артық.

Жыл сайын сауда орындары мен базарлар жүйесі ұлғаюда. Мәселен, 2015 жылы 500,0 мың шаршы метрден астам алаңы бар 6,0 мың сауда орны бірлігі есепке алынса, бұл 2014 жылғыдан 65,0 мың шаршы метрге артық.

Әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдіктері бөлшек және көтерме сауда саласының ірі кәсіпорындары, азық-түлік базарларымен және жергілікті тауар өндірушілер арасында меморандумдар жасалды.

Өз кезегінде тауарлардың азық-түлік тобының бағаларын реттеу үшін облыстың Тұрақтандыру қоры табысты жұмыс істеуде. Ол облыстағы инфляция деңгейін республикалық орташа деңгейден (облыс - 112,2%; ҚР - 113,6%) төмен ұстауды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.

Барлық жаңалықтар