ШҚО-да мүлікті заңдастыруға 2 мың өтініш берілді

18 Ақпан, 2016 19:51
2016 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстанда 9 млрд теңгенің сомасын құрайтын 2 198 өтініш заңдастырылуға тапсырылды. Бұл туралы Ақпараттық орталықта ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий мәлімдеді.

Биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін  мүлікті заңдастырудың 3-ші толқыны өтіп, артынша азаматтарды декларациялау процесі жалғасады. Сонымен қатар, заңдастыру талаптарында бірқатар өзгерістер орын алған.  

«Мүлікті заңдастыру кампаниясының жаңа талаптары жеңілдетілген. Айта кетсек, мүлік пен ақшаны заңдастыру мерзімі ұзартылып, бұрын мүліктің 10 %-ын құраған заңдастыру алымы да алынып тасталды. Ал  өткен жылдың 15 қарашасына дейін дейін мүлік алымын төлегендер азаматтар  Мемлекеттік кіріс департаментіне өтініш жасап, қаржысын қайтарып ала алады», – деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Сондай-ақ, палата директоры айтып өткендей, заңдастырылмаған меншікті кейін  сатуға, сыйлауға немесе несие алу үшін кепілдікке қалдыруға болмайды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар