2016 жылғы Парламенттік сайлауда кандидат мүшелерінің саны азайды – ҚР ОСК

18 Ақпан, 2016 12:59
Сайлауға қатысатын саяси партия өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда сайлау туралы заңды сақтау бойынша Ортсайлауком мүшесі Марат Сәрсембаев ҚР саяси партияларының сайлау науқанына қатысуы бойынша қысқаша шолу, сонымен қатар бұрынға парламенттік сайлаудың ерекшелегін айтып өтті.

«Мен өз тарапымнан өткендегі сайлауды мысалға ала отырып, қазіргі жағдайды және бүгінгі кандидаттардың жағдайын айтқым келеді. Егер 2007,2012,2016 жылдары өткізілген және өткізілетін парламенттік сайлауды алатын болсақ, барлық үш сайлау науқанында саяси партялар қатысты. Әрине әр түрлі жағдайлар болды. Мысалы, кейбір партиялар жоқ. Олар патриот париясы, «Әділет» партиясы, алайда жаңа партия бар – «Бірлік» партиясы. 7 саяси партия қатысқан болатын, егер қазіргі сайлау кезінде «Азат  партиясы қатысқан кезде олардың да саны жеті болар еді. Алайда, бұл партия ішкі жағдайларына орай, сайлауға қатыса алмады»,-деді М.Сәрсембаев.

Құрамның санына келетін болсақ, оның айтуы бойынша олар қысқарды, «партиялар өздері үшін аз болған жақсы екендігін шешті. Осылайша, олардың тізімі «шоғырлану нұсқасында» тұр».

«Бүгінгі күні алты партия бойынша 234 кандидат бар. Бұрынғы сайлауда олардың саны 377 және 335 кандидат болды. Олардың саны партияның сапасына әсер етпейді»,-деді ол.

Сонымен қатар, ҚР ОСК мүшесі гендірлік жағдайға көңіл бөлді. «Өкінішке орай, қазіргі саяси партиялардағы гендірлік мәселе алдыңғы сайлау науқандарымен салыстырғанда жағдай ұстамды етіп салынған. Егер 2012 жылы «Нұр Отан» партиясынан кандидатқа 25 әйел берілсе, 2016 жылы олардың саны -30. Ал қалған пратиялар тізімге әйел адамдарды аз енгізді.  Мысалы,  «ауыл» партиясы 4 әйел адамды енгізді, ал 2016 жылы олардың тізімінде 1 әйел. «Ақ жол» партиясы 2012 жылы 9 әйелді енгізсе, осы жылы олардың саны – 6. ЖӘДП 2012 жылы-12 әйел, 2016 жылы – 4 әйел. Әрбір партия партия мүшесінен қанша адам бюолатындығын өздері шешеді»,-деді ол..

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар