• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған патриоттық интернет-акциясы басталды (ФОТО)

Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған патриоттық интернет-акциясы басталды (ФОТО)

18 Ақпан, 2016 12:32
Жаңа ғана Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне орай "25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр." патриоттық интернет акциясы басталды. Қазірдің өзінде әлеуметтік желілердегі аватарды патриоттық нақышта безендіру акциясын көптеген отандастарымыз қолдап, белсенді атсалысуда.

Қазақстанда 18 ақпан күні ел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты патриоттық интернет-акция басталды. Акция Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметі алаңында 10 сағат 25 минут 25 секундта бастау алды. 25.el.kz. әлеуметтік сервисінің көмегімен барша әлеуметтік желілердің қолданушылары өз аватарларын бір сәтте мерекелік, патриоттық нақышпен безендірілген аватарға ауыстырады.

Дәл қазіргі уақытқа дейін жоба аясында 35 000 жуық ғаламтор пайдаланушы қазақстандық өз аватарларын патриоттық мерекелік нышанға безендіріп үлгерді.

25.el.kz. әлеуметтік сервисінің көмегімен барша әлеуметтік желілердің қолданушылары өз аватарларын бір сәтте мерекелік, патриоттық нақышпен безендірілген аватарға ауыстыра алады.

Бұл акцияға Орталық коммуникациялар қызметі, «Хабар» Агенттігі, «Қазақстан» ҰТА, «Қазмедиа Орталығы» АҚ, «Қазконтент» АҚ, Ortcom.kz, BNews.kz, Nur.kz, El.kz порталдары ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар