- Басты
- Жаңалықтар
- Бас прокуратура өкілі сайлауалды заңнамасының тәртіптерін бұзған жағдайдың салдарын айтып өтті
Бас прокуратура өкілі сайлауалды заңнамасының тәртіптерін бұзған жағдайдың салдарын айтып өтті
Барлық сайлауалды кезеңде Бас прокуратура сайлаушылардың сайлау құқығын қадағалайтын басты орган Бас прокуратура болып саналады.
«Партиялық тізімге қосылған тұлға өзінің қызмет құзыретін қолданған жағдайда тізімнен алынып тасталады. Саяси партиялар туралы жалған ақпарат таратып, өзге тұлғаға жала жабатын болса тізімнен шеттетіледі», - деді С.Сәмет.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1-ші Департаментінің бөлім бастығы С. І. Сәмет үгіт жүргізу кезеңінде саяси партиялардың қызметін құқықтық реттеу мәселелерін айқындап берді, сондай-ақ аталған мәселе бойынша құқық қолдану тәжірибесі туралы айтты.
Әсіресе, сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу әкімшілік жауапкершілікке, партиялық тізімді немесе жекелеген кандидаттарды тіркеуден бас тартуға немесе тіркелгені туралы шешімді жоюға әкеп соқтырады.
Пікір алмасу барысында сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын тиімді қамтамасыз етудің, сайлау туралы заңның талаптарын бұзушылықтарды анықтау мен болдырмаудың жолдары мен әдістері қаралды.
Саяси партиялардың өкілдері сайлау органдарымен және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктеріне қатысты өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтты.
«Атап айтсақ, қайырымдылық шаралар мен тұлғаның рұқсатынсыз оның суретін алып үгіт кезінде қолдануға болмайды», - деді ол.
Тегін тауар мен қызмет, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеуге уәде беру сынды әрекеттер заң алдында жауап беруге жүктейді.
Жалпы, спикер атап өткендей, әкімшілік бұзушылық 26 шараның түрі бойынша жүзеге асырылады. Әкімшілік жауапкершіліктен басқа сайлау заңнамасын бұзу қылмыстық жауапкершілікке де тартуы мүмкін.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда