• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат ҚР мен РФ арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа енгізілген өзгерісті мақұлдады

Сенат ҚР мен РФ арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа енгізілген өзгерісті мақұлдады

18 Ақпан, 2016 12:16
Бүгін Парламент Сенатының депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

«Хаттамада ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы 1996 жылдың 18 қазанынан бастап Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайлары айтылды»,- деп Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында айтылып өтті.

Осылайша, Ресей Федерациясы тарапынан полигонның жалдауға алынып отырған жерлерінің қысқаруына орай, жалдау сомасы өзгерілетін болады.

 «Хаттаманы ратификациялау жұмысы заңнама күнін анықтау туралы мәселені шешуге  және полигон пайдаланып отырған аумақтың қысқартылуына орай жалдауға төленетін қаражатты анықтауға септігін тигізеді»,-деді ол.

Хаттамаға 2015 жылы 16 сәуірде Мәскеуде қол қойылған.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар