• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Маммадов: Қазақстан экономикалық дағдарыстан алғашқылардың бірі болып шығады

Р.Маммадов: Қазақстан экономикалық дағдарыстан алғашқылардың бірі болып шығады

18 Ақпан, 2016 12:52
Ірі энергетикалық ресурстарды, әсіресе мұнай экспорттаушы біз сияқты және басқа да елдер үшін бүгінгі ахуал жеңіл болмайтыны анық. 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан бері Қазақстан экономикалық қиын жағдайларға дайындықты бастап кеткенін аңғару қиын емес. ҚР Президентінің бастамасымен осыдан 5-6 жыл бұрын құрылған мемлекеттік және стратегиялық бағдарламалар әлде қашан дағдарысқа қарсы шаралар ретінде басталған болатын. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Әзірбайжан республикасының Қазақстан республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов айтты.

«Қазақстан бірегей институт – Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрды. Бұл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы. ҚХА-ы Қазақстанда тұратын этностардың жақсы өмір сүрулері үшін  барлық жағдайды жасай алады. Атап айтар болсақ, олардың өз тілдерін сақтауларына, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін еркін ұстануларына, сонымен қатар қазақстандық қоғаммен бірігуіне мол мүмкіндіктер қарастырылған. Солардың қатарында этникалық әзірбайжандар да бар. Олардың қоныс аудару тарихы белгілі. Әзірбайжандардың екінші және үшінші буындары толық қазақстандық болып кетті. Осы жерден отандарын тапты. Ол әрине Қазақстан.  Ал, Әзірбайжан олар үшін тарихи Отан. Бұлар Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Ірі энергетикалық ресурстарды, әсіресе мұнай экспорттаушы біз сияқты және басқа да елдер үшін бүгінгі ахуал жеңіл болмайтыны анық. 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан бері Қазақстан экономикалық қиын жағдайларға дайындықты бастап кеткенін аңғару қиын емес. ҚР Президентінің бастамасымен осыдан 5-6 жыл бұрын құрылған мемлекеттік және стратегиялық бағдарламалар әлде қашан дағдарысқа қарсы шаралар ретінде басталған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан тек мұнай экспорттаушы ретінде ғана танымал емес, сонымен қатар, басқа да түрлі руда, түрлі-түсті металл, көмір сияқты табиғи байлықтарды экспорттайтын ел.  Бүгінгі таңда Қазақстан барлық аймақтардың экономикасын дамыту үшін әр өңірдің ерекшелігіне байланысты индустрияландыру картасын жасап, арнайы экономикалық аймақтар құрды. Бұл өңірлердегі адами ресурстар мен табиғи ресурстарды  дұрыс бағыттаған бағдарлама. Қазақстан экономикалық дағдарыстан алғашқылардың бірі болып  шығады деп ойлаймын. Қазақстан ішкі нарығын өз тауарларымен қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіпорындарын дамытып жатыр. Шетелдік тауар импортына деген тәуелділікті азайтып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету салалары бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта өте ұтымды шаралар қолданып келеді. Экономикалық дағдарысқа қарсы қолданылып жатқан шаралар экономиканың тұрақтануына, тауар тепе-теңдігіне, жалпы дағдарыстан шығуға жеңіл жол болады»,-деп атап өтті ресми Бакудың өкілі.

Оның айтуынша, Әзірбайжан Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Дипломат екі ел арасында шешілмеген мәселе жоқ екенін айрықша атап өтті.

«Әзірбайжан мен Қазақстан қарым-қатынасы үдемелі түрде дамып келеді. Бізде саяси тұрғыда талқылайтын ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Екі ел көшбасшыларының арасындағы жеке қарым-қатынасы тек екі мемлекеттің барлық салалар бойынша даму платформасын нығайтуға ықпал етеді. Бұл қарым-қатынастың негізі Гейдар Алиевич Алиев пен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезінде-ақ қаланған болатын. Сол қарым-қатынас бүгінгі президентіміз Ильхам Гейдарович Алиевтің тұсында да жалғасын табуда. Биылғы жылға тауар айналым көлемін азайту бағытында бірнеше рет түзетулер енгізілді. Бұл дағдарыс кезеңінде болатын қалыпты жағдай. Бірақ, сауда-экономикалық қатынасты дамыту мүмкіндігі шексіз. Біздің дипломатиялық миссиямыздың алдында Сыртқы істер министрлігі мен Әзірбайжан басшылығының берген нақты тапсырмаларын орындауда жүзеге асырылуы тиіс міндеттер тұр. Бұл, Әзірбайжан мен Қазақстан территориясы арқылы жүк тасымалдауда көліктік әлеуетті пайдалану және дамыту мәселесі. Бұл өзара инвестициялық ынталандыру. Сондай-ақ, бұл жерде екі ел арасындағы ауыл шаруашылық өнімдері мен басқа да мәселелер бойынша экспорт пен импортты дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Біздің ортақ түркілік тамырымыз мәдениет саласында да серіктестігімізді дамытады. Екі елдің академиялық ортасы да үнемі бір-бірімен байланыс орнатып отырады. Екі ел арасындағы барыс-келіс мемлекеттік шенеуніктер сияқты қоғам қайраткерлерінің де бірлесіп өткізіп жататын түрлі шаралары осыған дәлел. Әзірбайжан мен Қазақстан басқа елдерден қарағанда толеранттығымен, шағын мәдениетті қоғам құру жағынан ерекшеленіп тұрады. Бұл екі ел басшылары үшін де тиімді. Толеранттық саясаты Әзірбайжанда да, Қазақстанда да мемлекеттік деңгейде.     Бұның қажеттілігін Шығыс пен Батыс елдерінің срапшылары қуаттап отыр. Бұл бүгінгі  жаһандық әлемде барлығы үшін өте маңызды»,- деп қортты сөзін Р.Маммадов.

Данияр Қасымов

 

Барлық жаңалықтар