• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО аумағында табиғи теріден жасалған киімге таңбалауды енгізу жоспарланған

ЕАЭО аумағында табиғи теріден жасалған киімге таңбалауды енгізу жоспарланған

18 Ақпан, 2016 11:42
ҚР Парламент Сенаты пленарлық отырысында «Табиғи теріден жасалған кім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңнамалық жобасын қабылдады.

«Аталмыш келісімде оның қозғалысының барлық сатыларында тауарлардың инновациялық толық бақылауға енгізілуі ұсынылды. Бұл таңбаланған тауардың заңдылығын тез әрі сенімді  анықтауға көмегін береді.  ЕАЭО аумағында өндірілетін және әкелінетін тауарларға Келісім аясында тауарды таңбалау қарастырылған, сонымен қатар ЕАЭО аумағынан тыс жерде таңбалауға рұқсат етілген»,-деп ҚР қаржы министрінің міндетін атқарушы Русоан Бекетаев айтып өтті.

Сынамалы жобаны іске асыру жұмысы ЕЭАО аумағында өндірілген немесе енгізілген тауарлардың тексерісті таңбаларының оң және теріс аспектілерін анықтау үшін және алдағы уақытта тиісті талдау жасауға бағытталған.

Сенат комитетінің қорытындысы бойынша, келісімді ратификациялау жұмысы тауарларға таңба енгізудегі жобаны іске асыруға, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген)  немесе ЕАЭО мүшелерінің аумақтарында өндірілген, сонымен қатар тұтынушыларға сапалы тауар жайлы ақпарат беруге септігін тигізеді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар