- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылдан бастап Ауруларды басқару бағдарламасы енгізіледі
2018 жылдан бастап Ауруларды басқару бағдарламасы енгізіледі
Министр Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын айтты.
«2013 жылдан бастап екі пилоттық аймақтың – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының 7 емханасында АББ үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті.1213 АББ қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін өзі бақылау күнделіктері берілді», - деді министр.
Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады.
«Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді», - деді ол.
Министрдің айтуынша, ақпараттандырылған пациент өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды, сонымен бірге, пациенттің мінез-құлқы өзгеріп, өз денсаулығы үшін жауапкершілігі арта түседі.Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.
«Жоба АББ қатысушысы-пациенттің бойындағы жақсы өзгерістерді көрсетті: артериалдық гипертензиясы бар пациенттердің 75%-ында процестің тұрақталуы және артериалдық қысымды бақылау машықтарының қалыптасуы байқалды, созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды», - деді ол.
«Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 2016-2017 жылдар аралығында – қосымша жаңа 5 аймақта, 2018 жылдан бастап ҚР барлық облыстарында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады», - деді Тамара Дүйсенова.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит