• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Дүйсенова: Қазақстандықтар ХҚКО-да профилактикалық тексеруден өте алады

Т.Дүйсенова: Қазақстандықтар ХҚКО-да профилактикалық тексеруден өте алады

18 Ақпан, 2016 11:17
Қазақстандықтар ХҚКО-да профилактикалық тексеруден өте алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Министр Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында емханалардағы жасанды кезекті азайтумақсатында ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетілетінін хабарлады.Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту үшін (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, медициналық анықтама ала алады. Бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады.

 «Профилактикалық тексеру нәтижесі бойынша азаматтың денсаулығы туралы мәліметтер пациенттерді сауықтыру мен денсаулық топтарын құру мақсатында бірегей ақпараттық жүйеге жіберіледі.Қабылданған шаралар нәтижесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы кезек азаяды, бағдарлы мамандардың жүктемесі жеңілдетіледі, пациенттердің медициналық анықтама алу шығындары азаяды», - деді Тамара Дүйсенова.  

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар