• Басты
  • Жаңалықтар
  • Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды жыл бойғы сауықтыру жүйесін әзірлеуді жоспарлауда

Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды жыл бойғы сауықтыру жүйесін әзірлеуді жоспарлауда

18 Ақпан, 2016 11:07
Қазақстанда оқушыларды жыл бойғы сауықтыру жүйесі жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

 «Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Оған балаларды профилактикалық тексеруді, мектеп қызметінің күнтізбелік кезеңіндегі сауықтыру шараларын ұйымдастыру, мектептегі денсаулық сақтайтын технологияларды енгізу кіретін болады», - деді тамара Дүйсенова. 

Министр сауықтыру шараларының күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды көздейтінін түсіндірді: қаңтардан наурыз айына дейін – профилактикалық тексерулерді өткізу, денсаулық топтарын құру, диспансерлік есепке тұрғызу, сауықтырудың жеке жоспарларын дайындау; сәуір мен мамыр айларының аралығында – жоспарға сәйкес сауықтыру шаралары, маусым мен тамыз айларының аралығында – оқушыларды мектеп жанындағы, қаладан тыс жерлердегі лагерьлерде сауықтыру, санаторлық-курорттық емдеу шараларын жүзеге асыру; қыркүйек пен қараша айларының аралығында – профилактикалық тексерулерді жалғастыру, денсаулық топтарын, диспансерлік есепке тұрғызу, сауықтырудың жеке жоспарын дайындау; желтоқсанда – профилактикалық тексеру кестесін жасау, мамандардың шығу бригадаларын жасау.

Индира Кауметова

 

 

 

Барлық жаңалықтар