• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы ДСӘДМ «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастады

2016 жылы ДСӘДМ «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастады

18 Ақпан, 2016 10:52
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылып отырғанын хабарлады.

 «Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Оған балаларды профилактикалық тексеруді, мектеп қызметінің күнтізбелік кезеңіндегі сауықтыру шараларын ұйымдастыру, мектептегі денсаулық сақтайтын технологияларды енгізу кіретін болады», - деді тамара Дүйсенова. 

Айта кету керек, профилактикалық тексерулер мен оқушыларды сауықтыру алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында емес, білім беру ордаларында жүзеге асырылатын болады.

Оқушылардың дұрыс тамақтануы мен аурулардың алдын алу шаралары бойынша мұғалімдер және ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударылатын болады.

«Балаларды оқу кезінде, сонымен қатар, демалыс мерзімінде сауықтыру шаралары оқушылардың денсаулығын нығайтуға, тірек-қимыл аппараты бұзылуын алдын-ала ескертуді дамытуға, жіті респираторлық аурулармен жиі сырқаттанатын балаларда осы аурудың жиілігін төмендетуге, оқушылардың көру қабілетін жақсартуға және т.б. мүмкіндік береді», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.   

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар