• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Риодағы Олимпиадаға қатысуға 12 спорт түрiнен 48 лицензия ұтып алды

Қазақстан Риодағы Олимпиадаға қатысуға 12 спорт түрiнен 48 лицензия ұтып алды

18 Ақпан, 2016 10:43
Рио-де- Жанейрода өтетiн Олимпиада ойындарына Қазақстанның 12 спорт түрiнен 48 лицензиясы бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетiн ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшыларының дайындығы мен қатысуы жөнiндегi шұғыл штабтың отырысы барысында мәлiмдедi.

«Бүгiнгi таңда Рио-де-Жанейро қаласында өтетiн Олимпиада ойындарына Қазақстанның 12 спорт түрiнен 48 лицензиясы бар. Министрлiк ұлттық олимпиада комитетi, әртүрлi спорт федерациялары мен басқа да мүдделi органдармен спортшыларды Олимпиада ойындарына жоспар бойынша дайындау жұмыстарын жүргiзiп жатыр», - дедi А.Мұхамедиұлы.

Министрдiң айтуынша, жазғы Олимпиада Қазақстан үшiн ғана емес, бүкiл әлем елдерi үшiн биылғы жылдың басты, маңызды оқиғасы.

Атап өтсек, Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өтетiн жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 168 күн қалды. 

 

Барлық жаңалықтар