Б.Сағынтаев Грузия үкіметінің басшысымен келіссөздер жүргізді

18 Ақпан, 2016 10:47
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Тбилисиде Грузияның Премьер-Министрі Георги Квирикашвилимен келіссөздер жүргізді, деп Премьер-Министрдің баспасөз-қызметі хабарлайды.

Екі жақ Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты, өнеркәсіптік және АӨК саласындағы ынтымақтастықты, екі ел арасында транзиттік шаманы қолдану, көбінесе, Транскаспийлік халықаралық көлік бағытын дамыту, инвестицияларды өзара қорғау мәселелерін талқылады.

ҚР бірінші вице-премьері Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингі шеңберінде Грузияда жүргізіліп жатқан реформалардың барысымен танысты.

Бұрындары Бақытжан Сағынтаев вице-премьер-министрмен, Грузияның Экономика және орнықты даму министрі Дмитри Кумсишвилимен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сұрақтары жандандырылды. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі Батуми теңіз портының жұмысы және мұнай терминалымен танысты.

Барлық жаңалықтар