- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп уран кеніштерін онлайн тәртіпте бақылайтын болады
Қазатомөнеркәсіп уран кеніштерін онлайн тәртіпте бақылайтын болады
Жағдаяттық орталық ұлттық атом компаниясы, соның ішінде компанияға қарасты барлық кәсіпорындар қызметінің маңызды өндірістік-қаржылық көрсеткіштеріне мониторинг жасайтын, талдайтын және көрнекі ететін ақпараттық жүйеден тұрады.
«Бүгін біз бұл құралды пилоттық тәртіпте іске қостық және аппараттық отырыстарда пайдалана бастадық. Жүйеде бүкіл атом компаниясы бойынша да, жеке кәсіпорындар бойынша да 500-ден астам түрлі көрсеткіштер бар. Бұл көрсеткіштердің ағымдағы сәтіне ғана емес, динамикасына да мониторинг жасалады. Егер әлдекім жоспарды орындамаса немесе мәселен, химиялық реагенттерді пайдалану көлемін асырып жіберсе, оның барлығы графикаларда бірден байқалып тұрады. Бұл біз үшін шешімдер қабылдауға өзінше бір белгі де сияқты», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.
Жоба компания басшылығына деректерді шұғыл талдап, басқарудың дер кезіндегі әрі тиімді шешімдерін қабылдау үшін оқиғаның түрлі өрбу нұсқаларын болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді.
Айта кетерлік жәйт, Жағдаяттық орталыққа енгізілетін негізгі көрсеткіштер арасында рентабельділік, EVA, таза табыс, өндіру көлемі, жөнелту, химреагенттерді пайдалану, еңбек өнімділігі т.б. бар.
А. Жұмағалиев сондай-ақ, Жағдаяттық орталықты енгізу еншілес кәсіпорындар әзірлейтін есептер санын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік беретінін қадап айтты.
Үстіміздегі жыл соңына дейін Жағдаяттық орталықты өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланған.
Жағдаяттық орталық үшін негізгі ақпараттық көздердің бірі «Санды кеніш»жүйесі болмақ, ол – уран өндіру үдерісінде адамдық факторды болдырмауды қамтамасыз ететін трансформациялаудың тағы бір жобасы. «Ақылды» кеніш аспаптар мен жабдықтардағы тетіктерден нақты уақытта ақпараттар жинауға және оларды талдауға, уран өндірісі кезінде пайдаланылатын химиялық реагенттер көлемін қашықтықтан бақылауға және реттеуге мүмкіндік береді. «Санды кеніш» жүйесі жыл соңына дейін «ТТХК» ЖШС-де енгізілетін болады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Елдегі эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны артуда, вакцина алу үшiн онлайн тіркелу -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі