• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Мантариди: Бірлік пен тұрақтылық еліміздің дамуы мен қолдауына ықпал етеді

В.Мантариди: Бірлік пен тұрақтылық еліміздің дамуы мен қолдауына ықпал етеді

18 Ақпан, 2016 10:01
Еліміздің дамуы мен қолдауына тұрақтылық, бірлік септігін тигізеді, деп Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Константин орта мектебінің директоры Василий Мантариди Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айытп өтті.

«Әрине, сайлау міндетті түрде керек. Қазіргі таңда қиын кездерді бастан өткізіп жатырмыз. Сол себепті біздің мемлекетіміздің алдында Президент Н.Назарбаевтың қойған тапсырмалары мен идеяларын іске асыру үшін жаңа көзқарасы бар адамдар қажет. Елбасы айтқандай, қазіргі күні дағдарысқа қарамастан, алға қарай бет алу керек»,-деді В.Мантариди.

Мектеп директорының айтуынша, еліміздің дамуы мен қолдауын бірлік пен тұрақтылық арқасында қол жеткіземіз.

«Сайлау – болашақтың таңдауы. Праламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихатқа жаңа адамдар қажет»,-деді В.Мантариди.

Естерінізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 наурыз айында ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауы өтеді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар