- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да сайлауды бақылау жөніндегі өңірлік жәрдемдесу орталығы ашылды
ОҚО-да сайлауды бақылау жөніндегі өңірлік жәрдемдесу орталығы ашылды
Д.Шерімқұловтың айтуынша, сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның басты міндеті - сайлау мерзімі мен дауыс беру кезінде барлық процесті бақылап, науқанның заң шеңберінде өтуін қадағалау, әр азаматтың өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру екенін айтты.
«Облыс бойынша 1074 сайлау учаскесі болса, соның барлығына байқаушылар белгіленіп, олардың бәрі оқу-тәжірибеден өткізіледі. Бүгінде өңірлік орталықта құрамы төрт адамнан тұратын штаб құрылды. Олар кезең-кезеңімен брифингтер, семинар-тренингтер мен нұсқаулық жиындар өткізіп, байқаушылардың функциональды міндеттерін түсіндірмек», - деді өңірлік сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның төрағасы. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық сайлау орталығының мүшесі Алтынбек Кәттебеков сайлау жұмыстары бекітілген күнтізбеге сай жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жалпы, облыс бойынша сайлауға 1279 кандиданттан ұсыныс келіп түссе, олардың ішінде 11 ұлт өкілдері мен 93 әйел бар екен. Бүгінгі 17 ақпандағы мәлімет бойынша 85 кандидат тіркелген. Жиын соңында Д.Шерімқұлов ОҚО бойынша өңірлік жәрдемдесу орталығының белсенді азаматтарды сайлаудың әділ де, ашық өтуін бақылауға қатысуға шақырды. Бұл туралы толыққанды ақпаратты Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 7-А мекенжайынан немесе 8(7252) 39 30 56, факс/ 39 23 30 байланыс нөмірлері арқылы білуге болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді