• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Энергетика министрлігінің отырысында 2015 жылғы жұмысының қорытындысы талқыланды

ҚР Энергетика министрлігінің отырысында 2015 жылғы жұмысының қорытындысы талқыланды

17 Ақпан, 2016 19:53
Астанада «2015 жылғы жұмысының қорытындысы және 2016 жылға жоспарланған міндеттер туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өткізілді.

Алқа отырысы шеңберінде ҚР Энергетика министрлігінің құзыреті,ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы, 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының, салалық бағдарламалар және тұжырымдамалар шеңберінде алға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша негізгі көрсеткіштер аталып өтті.

Сондай-ақ 2015 жылғы ұлттық компаниялардың есебі және 2016 жылға арналған жоспарлары тыңдалды.  

Алқа отырысына ҚР Парламент Сенатының, Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі жер қойнауын пайдаланушылардың, ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  

 

Барлық жаңалықтар