• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы ҚДБ жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы аясында 11 млрд теңге қарастырды

2016 жылы ҚДБ жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы аясында 11 млрд теңге қарастырды

17 Ақпан, 2016 16:53
2016 жылы ҚДБ жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасы аясында 11 млрд теңге қарастырды, жалпы банкте аталмыш бағыт бойынша 26 млрд теңге қарастырылған. Бұл жөнінде «Қазақстанның даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмшиев ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.

Жеңілдікті автонесиелеу  бағдарламасы аясында 2016 жылдың 11 ақпан жағдайына қарай ҚДБ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қаржыландыру шарттарына сәйкестігін  растады, 16 млрд 904 млн теңге соммасында  қазақстандық өнімді сатып алу бойынша коммерциялық банкке түскен жеке тұлғалардын 5161 өтініші бар. Көрсетілген мерзім бойынша алты банк-агенттіктерімен жеке тұлғаларға 14,5 млрд теңге көлемінде 4523 автонесиелендіруге берілді.

Ұлттық қордың осы жылы бірінші траншты 15 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген 87% -ға игерілді - 13 млрд теңгеге автонесие. Бірінші транш Ұлттық қордан 15 млрд теңге сомма көлемінде берілді, ол 87% -ға игерілді – 13 млрд теңгеге автонесие берілді.

«Біз екінші деңгейлі банкке отандық автокөлікті қолау үшін қорландыру жасадық. Өткен жылы автонесиенің сомасы 15 млрд теңгені құрады, оған қоса 4 млрд теңге «ҚДБ Лизингі» арқылы. 4 млрд теңге толығымен игерілді, 15 млрд теңгенің87%-ы игерілді»,-деді спикер.

Оның айтуы бойынша, екінші транш, 2016 жылы 11 млрд теңге соммасына бөлінді, оның 12,7% игерілген – 1,4 млрд теңге көлемінде автонесие берілді.

Мәлім болғандай, банк белсенді автонесие саласындағы одан әрі жұмысын анықтау үшін Үкіметпен бірлесіп жұмыс істейді.

«8 қаңтардан бастап автонесиелендіруге 11 млрд теңгені қосымша шығардық. Осылайша жалпы автонесиелдендіруге 26 млрд теңге қарастырылған. Девольвация нәтижесінде шағын құнына түзетулер жасадық. Автоөндірушілер анық баға шегін алуды ұсынады, оның орнына қазақстандықты қамту бойынша шег орнату керек»,-деді Б.Жәмшиев.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар