Бізде жыл сайын тендерлер қайталана береді – М. Тінікеев

14 Қараша, 2013 12:47
Қазақстанда жыл өткен сайын тек бірдей тендерлер өткізіледі, деп Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің заңнамалық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің мүшесі Мұхтар Тінікеев мәлімдеді.

 «Президент Қазақстан Халқына Жолдауы кезінде Үкіметке, депутаттарға жақын арада іске асырылатын жұмыстар мен қандай заң қабылдау керек екендігін айтады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған сындар өз қолдауын да тауып отыр», - деді М. Тінікеев.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында жобалар бағасының өсуіне байланысты сын айтылды. Егер 2012 жылы жобалардың қымбаттауына 40 млрд теңге қосымша қаражат жұмсалса, 2013 жылы ол 60 млрд теңгеге жетті. Мен бұл жөнінде үнемі айтамын. Жобалардың қымбаттауы пара алу есебінен болып отыр. Бұл ешкім үшін құпия емес. Ал коммерсант не істейді? Ол тендер өткізетін шенеунікке 10-15 пайызын беруге мәжбүр. Сондықтан осындай жағдай туындап отыр. Неліктен бізде тұрғын үй қымбат? Өйткені, тағы біздің шенеуніктер пара алады», - деп мәлім етті депутат.

Депутат брифинг барысында мемлекеттік сатып алу сатылымы тиімсіз қолданып жатқандығын атап өтті.

Депутат мысалға Қарағандыдағы конкурстардың біреуін алды.

«Жақында Қарағандыда жылдамдық өлшеуішті орнату бойынша конкурс өтті, оған 12 фирма қатысты. Оның ішінде 5-уінің тәжірибесі бар. Ал тендерді жұмыс тәжірибесі жоқ, қондырғысы жоқ шопан жеңіп алды», - деді М. Тінікеев. 

Барлық жаңалықтар