• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әлімбекова: Еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін әзірлеу кезінде бюджеттегілерге еуропалық және азиялық елдердің тәжірибесін қолдану керек (ВИДЕО)

Г.Әлімбекова: Еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін әзірлеу кезінде бюджеттегілерге еуропалық және азиялық елдердің тәжірибесін қолдану керек (ВИДЕО)

17 Ақпан, 2016 15:59
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы аясында мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілердің жалақысын көтеру тапсырмасы берілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің әр түрлі санаттарына орай сараланған тәсілдерді қолданған орынды. Аталмыш тапсырма бойынша орындалған жұмыстарды ҚР ДСӘДМ Ішкі бақылау департаментінің директоры Гүлар Әлімбекова Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.

- 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау саласының жалақысын 28 пайызға дейін көтеруге тапсырма берді, білім беруде – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаныста – 40 пайызға дейін. Аталмыш тапсырма орындалды ма және аталмыш салалар бойынша халықтың қай бөлігі жұмыс істейді?

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу бойынша жаңа үлгі енгізілуде.  Мемлекеттік қызметкерлер – ол мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, олар мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері болмайды. Олар экономиканың көптеген салаларына жұмылдырылған. Олардың саны бүгінгі күні 1 млн 200 мың адам. Ол мұғалімдер, тәрбиешілер, дәрігерлік, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері.  Жаңа модель жалақы белгілеудегі отандық және халықаралық тәжірибені қанағаттандыруға арналған 31 желтоқсандағы №1193  Үкімет қаулысымен қабылданды.

- Еңбекақы төлеудің жаңа моделінің қандай ерекшелігі бар?

- Біз  мемлекеттік қызметкерлерге арналған ескі жалақы жүйесінің барлық тәсілдерді қайта қарадық. Егер мемлекеттік қызметкерлердің тізілімі барлық салаға бірдей болса, қазір бөлек және біздің министрліктің келісімі бойынша салалық министрліктің құзыретті органымен бекітілетін болады.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымын 4 бөлімге бөлеміз: басқарушы қызметкер, олар ұйымдық басшылығының қызметін атқарады. Біз олар үшін жеке А блогін  жасадық. В блогі – негізгі қызметкер. Олар тәжірибелі қызметтерді атқарады. Білім беру саласында бейінді қызметтерді мұғалімдер, тәрбиешілер, денсаулық сақтау саласында – дәрігерлер, мейірбикелер атқарады, яғни әрбір салада биінді қызметті атқаратындарға осы блокты жасадық. Барлықтары білетіндей, негізгі қызметкерлердің жұмысы  ұйымның әрекетіне байланысты болады. Келесі С блогі – бұл әкімшілік қызметкер. Әкімшілік, ауыл шаруашылық, құқықтық міндеттерді атақаратын қызметкерлерді бір блокқа жинадық. Әкімшілік қызметкер негізгі қызметкерлердің жұмыстарын қамтамасыз етеді.

-Аталмыш модель қанша уақыт бойы жасалды? Қай елдердің тәжірибесін қабылдау керек?

- Біз 4-5 жылдай осы сұрақты қарастырдық.  Біз АҚШ-тың халықаралық, барлық Еуропа елдерінің, Азия елдерінің және көрші елдердің тәжірибесін зерттедік.  Олардың еңбеакақы төлеу жүйесін зерттеп, халықаралық тәжірибе жүйесін есепке алып жаңа модельге енгіздік.  Біз 4 блок бойынша бөлуді үлгіге алдық. Әрине, біз кесте коэффициентін барлығын қарастырдық, сондайа-ақ қосымша ақылар мен жәрдемақы бар, ол жерде мемлекеттік қызметкерлер өздерінің айлықтарына қосымша түрде еңбек тәжірибесіне, қиын жұмысына орай алатын болады. Өзектілігін жоғалқан қосымша төлемдерді алып тастадық.  Жұмыс ерекшелігіне орай ауыл шаруашылығы мен мәдениет қызметкерлеріне жаңа қосымша төлемдер пайда болды.

- Сұхбатынызға рахмет.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар