• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы БАҚ-қа Қазақстандағы сайлауға байланысты жоспарларын хабарлады (ФОТО)

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы БАҚ-қа Қазақстандағы сайлауға байланысты жоспарларын хабарлады (ФОТО)

17 Ақпан, 2016 16:04
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қазақстанмен конструктивті ынтымақтастығына 9 жыл.1999 жылдан бері есептегенде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы осымен Қазақстандағы 9-шы сайлауды бақыламақ. Біз өткен сайлауларда барлық мүдделі тараптармен конструктивті ынтымақтастықта болдық, деді аталмыш миссия басшысы Борис Фрлец баспасөз конференциясында.

«Біздің негізгі миссиямыз осы жылдың 20 науырызында өтетін кезектен тыс парламент сайлауын бақылау. Бұған ҚР Сыртқы істер министрлігі арнайы шақытқан болатын. 1999 жылдан бері есептегенде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы осымен Қазақстандағы 9-шы сайлауды бақыламақ. Біз өткен сайлауларда барлық мүдделі тараптармен конструктивті ынтымақтастықта болдық. Ынтымақтастығымыз осы аптада да жалғасады, деп күтеміз»,-деді Б.Фрлец.

Аталмыш миссия басшысының айтуынша, Астанада болатын бақылаушылар құрамында 11 халықаралық сарапшы және өзге де 10 елден ЕҚЫҰ-ң қатысушалары болады.

«Бұл сарапшылар ЕҚЫҰ-ң барлық қатысушаларының келісімі бойынша сайлаудың демократиялық қағидаларға сай өтуін бағалайды және Қазақстанның ұлттық заңнамаларына сәйкес өтуін бақылайды»,-деп атап өтті Б.Фрлец.

Сонымен қатар ол, келесі аптада 11 елден ұзақмерзімді 28 бақылаушы келетінін айтты.

«Олар өздерінің бақылау орындарына ораналасатын болады. Сондай-ақ, тағы 400 бақылаушы Қазақстандағы сайлау күніне дейін келеді. Олар ел бойынша екі адамнан ұлтаралық топтарға орналасады», деп хабарлады Б.Фрлец.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы өз кезегінде кездесуді ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ  ҚР ОСК тарапынан көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді және Миссия сарапшылары жұмысының ұйымдастырылуы туралы айтып берді.

Кездесу барысында сондай-ақ партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, үгіт науқанын өткізу шарттарына, сондай-ақ дауыс беру күнінің сайлау рәсімдері мен сайлау қорытындыларын шығаруға байланысты мәселелер талқыланды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар