Астанада Марокко Елшілігі ашылады (ФОТО)

17 Ақпан, 2016 15:18
Марокко Корольдігінің астанасы-Рабатта ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Морокко Корольдігі арасында саяси кеңестің үшінші кезеңі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов бастады, марокко жағынан Сырты істер мен МК ынтымақтасығының министр-делегаты Насер Бурита болды, деп хабарландыруда айтылған

Кеңес барысында екі жақты және көп жақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық сұрақтары қарастырылды.

Қазақстанмен толық бағалы және көп жоспарлы қарым-қатынасты дамытуды ескере отырып, марокка жағынан алдағы уақытта Астанада Корольдіктің елшілігін ашу саяси шешімі айтылды.

Марокко жағы 2017-2018 жылдарға арналған тұрақты емес БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері үшін Қазақстанның  кандидатурасын қолдайтындығын және Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне Рабаттың қатысатындығын растады.

Сондай-ақ, екі жақ азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына Марокконың қосылуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Барлық жаңалықтар