- Басты
- Жаңалықтар
- Осы жылы Қарулы Күштерде сержанттар мен сарбаздар құрамының аттестатталуы өтеді (ФОТО)
Осы жылы Қарулы Күштерде сержанттар мен сарбаздар құрамының аттестатталуы өтеді (ФОТО)
Аттестаттаудың басты мақсаты және міндеті әрбір әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттеріне, әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты әрі дәйекті сипаттама беру, аттесталатын әскери қызметшілердің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі мен олардың әрі қарай қызмет өткеруінің перспективасын айқындау болып табылады.
Аттестаттау барысында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің қызмет ету мерзімін ұзартудың мақсатқа сәйкестігі айқындалады, әскери қызметшілерді даярлау және қайта даярлауды жетілдіру бағыттарын анықтау мен қызмет бойынша ілгерілету немесе оқуға жіберу үшін кадрлық резерв құрылады. Аттестаттау төрт кезеңде өткізіледі. Бүгінгі күні барлық әскери бөлімдерде командирлердің шешімімен аттестаттау комиссиясы құрылды. Оларға әскери қызметшілерге жасалған аттестаттау материалдарын қарау және олардың қызметті әрі қарай өткеруі жөнінде тиісті шешім қабылдау жүктеледі.
Аттестаттауды дайындау және құру кезінде психологиялық тестілеу, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сынақтарды тапсыру нәтижелері, сыныптық біліктіліктің болуы, тікелей бастықтың мінездемесі мен ұсынымдары ескеріледі. Аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары лауазымдарға ілгерілету және оқуға жіберу үшін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростар) резервісі құрылады. 2015 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері аттестаттаудан өткенін естеріңізге сала кетейік. 100 % аттестатталғандардың 97,4 % өздерінің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін растады. Бұл өзіндік қайта емтихан тапсыру болып келеді. Аталмыш сынақтың мақсаты әр офицердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетін, оның атқарып отырған әскери лауазымға сәйкес келуін айқындау болып табылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді