- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ИИДМБ аясында 6 мың жұмыс орны ашылды
Қызылорда облысында ИИДМБ аясында 6 мың жұмыс орны ашылды
Өткен жылдың өзінде жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылған болатын. Бұл жобалардың әрқайсының өңір экономикасының дамуына өзіндік үлес қосары сөзсіз. Мәселен, «Жан Арай» серіктестігі үлкен агрокешенге айналады. Кешен аумағында малдың барлық түрін қажетті жеммен қамтамасыз ететін Қызылорда облысындағы алғаш құрама жем комбинаты құрылды. Сонымен бірге, халықаралық талаптарға сай күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Жақын арада ұн тарту комбинаты, макарон және консервілер шығаратын цехтар жұмысын бастайды.
Бірегей жобалардың бірі ретінде РМЗ «Шапағат» үй құрылысы комбинатын ерекше атауға болады. Бұл комбинат тез салынатын үйлер құрылысын кеңейтуге жол ашты. Үлкен көп қабатты үйді комбинат күшімен бар болғаны 3-4 айда бітіруге болады.
Сондай-ақ, өткен жылы «Казэнергосбережение» серіктестігінің инновациялық сипатқа ие «LED жарықтандыру құралдарын шығару» жобасы іске асты. Кәсіпорын электр қуатын 3 есе үнемдеуге мүмкіндік беретін, әрі қызмет мерзімі ұзақ шамдар шығарады. Сонымен бірге, Қызылорда қаласы және Арал ауданында жалпы қуаты 45 миллион дана кірпіш шығаратын екі жаңа кірпіш зауыты ашылды. Биылғы жылдың басында Қызылорда қаласында «Газ Трейд» кәсіпорыны «Газ құю бекетінің құрылысын» аяқтады.
Республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Қазақстанның Инвестициялық қоры» және американдық «StewartEngineers» компаниясы бірлесіп, «Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысын» жалғастыруда. Биылғы жылдың жазында зауыттың техникалық қондырғылары әкеліне бастайды, ал келесі 2017 жылы өндірісті іске қосу жоспарланған.
Арал қаласында “Аралтұз” акционерлік қоғамының бастамасымен кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құрылысы жобасының техника-экономикалық негіздемесі дайындалды. Бұл шыны өндірісіне қажетті тағы бір маңызды компонент.
Жалпы, индустрияландырудың бірінші бес жылдығында (2010-2014 жылдар) іске қосылған 17 өндірістің 14-і 2015 жылы өнім бере бастады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды