Алматы облысында 6 мың га жерге қант қызылшасы отырғызылады (ФОТО)

17 Ақпан, 2016 18:31
Осы жылы Алматы облысында қант қызылшасы 6 мың га жерге отырғызылады, сонынмен қатар өнімділігі 350 кг / га дейін өсетін болады. Бұл жөнінде облыс әкімі Амандық Баталов 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы мен 2016 жылдың жоспары бойынша халдық алдында есеп беру жиналысында айтып өтті.

Жұмыстың қорытындысында 7 мың ауылдықтар қамтамасыз етіледі, сонымен қатар қосымша 5 СДО ашылады. Осылайша, 11 Сервистік-дайындау орталығы жұмыс істейтін болатындығы айтылды.  

Қазіргі күні Ақсу қант зауытының жұмысы басталды, маусымаралықта Қарабұлақ қант зауытын  іске қосу жоспарлануда және ол жерде 876 жұмыс орны қалыптасады.

Әкімдікте хабарлағандай, жүгері дақылдарының  ауданы 75 мыңға дейін өседі, тағы да сервистік-дайындау орталығын ашу жоспарлануда және ол жерде 14 мыңнан астам адам еңбек ететін болады. 

Барлық жаңалықтар