- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: Кәсіп игерген адам бұл өмірде өз орынын табатыны сөзсіз
Ж.Қасымбек: Кәсіп игерген адам бұл өмірде өз орынын табатыны сөзсіз
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы ел дамуының басты бағыт-бағдарын айқындап берді. Қоғам қайраткерлері мен ғалымдар мақалаға қатысты ойларымен бөлісуде. Алматы экономикалық колледжінің директоры, техника ғылымдарының докторы Жақсыбай Қасымбек Елбасының дағдарыс уақытында жастарға техникалық-кәсіптік білімді тегін берейік дегені өте орынды болғанын айтады. Бұл пікірін ол strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында білдірді.
«Қазақстанда білім туралы заңның жаңа редакциясы қабылданды. Бұл дер кезінде қабылданған заң деп айтар едім. Өйткені біздің елде жалпы білім саласы және техникалық-кәсіптік білім беру белгілі деңгейде ілгерілеп келеді. Яғни, біз білім саласы бойынша әлемдік стандартқа жақындап келеміз. Әрине, кемшін түсіп тұрған жерлер де жоқ емес. Дегенмен, барынша білім саласын жетілдіруге ұмтылып келеміз. Елбасы Жолдауында техникалық-кәсіптік білім саласы еліміздің дамуындағы негізгі стратегиялық бағыт екенін айтқан болатын. Себебі, өндірісті, индустриалды-инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін заманауи технологияны меңгерген жұмысшылар керек. Жаңа заңның техникалық-кәсіптік білімге қатысты тұстарына тоқталып кетейін. Елбасы дуалды оқыту жүйесін білім саласына енгізіп, дамыту керектігін айтқан еді. Елбасы өзі бұл жүйені жақсы игерген. Осы күнге дейін дуалды оқыту тәжірибе ретінде ғана енгізіліп келген болатын. Енді заңдық тұрғыда күшіне еніп, барлық жерде қолданылатын болады. Бұл жерде жұмыс беруші, студент және оқу орыны үшеуіне де жауапкершілік жүктеледі. Бұл жауапкершілік заңнамалық актілерде көрсетілетін болады. Жұмыс берушілер әсіресе өндіріс орынының басшылары дуалды оқытудың не екенін түсінбей жүрген еді. Ендігі кезекте олар заңнамалық актілер арқылы бәрін түсінетін болады. Негізі бұл жүйе бойынша студент оқу уақытының кемінде 60 пайызын өндірісте, 40 пайызын колледжде өткізуі керек. Қазір өндіріс орындарының басшылары да түсінді. Жүйе ақырындап еніп келе жатыр. Алдағы уақытта кең ауқымда, жедел қарқында дамиды деп айтуға болады. Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жайт, студент өндірісте еңбекке араласып, белгілі бір өнімді шығаруға атсалысатын болса, шәкіртақы төлеу жағы да қарастырылған. Яғни, еткен еңбегін алатын болады. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары студенттердің арасынан қолынан іс келетін, сол өндіріс орынына аса қажет маман ретінде өздері тәрбиелеп, кәсіпорынның болашақ жұмысшысын өздері алып қалатын болады. Яғни, жақсы оқыған, өндірісте өзін көрсете білген студент оқуын аяқтай салып жұмысқа орналасып кетеді деген сөз»,-дейді Алматы экономикалық колледжінің директоры Жақсыбай Қасымбек.
Сонымен қатар, ол елімізде білім саласы өте жылдам дамып келе жатқанын да тілге тиек етті.
«Біздің техникалық-кәсіптік білім Еуроодақтың деңгейіне жақындап қалды. Елімізде білім саласы өте жылдам дамып келеді. Еропада, жалпы экономикасы дамыған елдерде техникалық-кәсіптік білім беру тегін. Елбасы Жолдауында осы мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Студентке бірінші мамандықты, яғни, техникалық-кәсіптік білімді тегін беру мәселесін Н.Әбішұлы дәл уақытында көтерді деп ойлаймын. Бұл жоба 2017 жылдан бастап жүзеге асатын болады. Бұл жастарға өздерінің болашақта мықты маман ретінде өсуін жоспарлауға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Олардың мақсат, мұраттарына жол ашылады. Жастарға техникалық-кәсіптік білімді тегін беру өте тиімді болатынына мен сенемін. Кәсіп игерген адам бұл өмірде өз орынын табатыны сөзсіз. Осы орайда тағы бір айт кетейін дегенім, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауераттарынан осындай экономикалық дағдарыс уақытында не істеу керек, деп сұрағанда олар бірден техникалық-кәсіптік білімді дамыту қажет деген екен. Елбасының дағдарыс уақытында жастарға техникалық-кәсіптік білімді тегін берейік дегені өте орынды болды. Бүгінгі таңда шыны керек көптеген жерлерге жоғары білімді емес, техникалық-кәсіптік білімді алып шыққан маман қажет. Яғни, сұраныс бар. Сұраныс болған жерде өрлеу, даму болады»,-деп атап өтті Ж.Қасымбек.
Қанат Тұраров
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын