- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қарынбаев: «100 нақты қадам» Қазақстанды арманға жетелейтін және сол арманды бағындыру жолындағы баспалдақ
Ж.Қарынбаев: «100 нақты қадам» Қазақстанды арманға жетелейтін және сол арманды бағындыру жолындағы баспалдақ
Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы қоғамымызды реформалардың түпкілікті мәнімен таныстырады. Бұл жөнінде strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институты Сыртқы саясат кафедрасының аға оқытушысы Жандос Қарынбаев айтты.
«2016 жылдың 6 қаңтары күні Елбасымыздың «100 нақты қадам» 5 институционалды реформасы бойынша көлемді, ауқымды мақаласы жарияланды. Бұл бір сәтте жасалған қадам болған жоқ, бұған үкіметтен бастап басқа да билік органдары үлкен дайындықпен келді. Елбасымыз қараша айында жыл сайынғы өзінің халыққа Жолдауын жариялаған болатын. Сол кезде қоғамның бүгінгі үлкен мәселелеріне ерекше тоқталған еді. Әсіресе халықаралық қауымдастықтағы жағдайдың ушыға түсуі, әлемдік экономикалық саясаттың салмағы мен ықпалы арта түскендігін тілге тиек еткен еді. Елбасымыз сол жерде осындай күрделі ахуалдардан шығу жолдарын да ұсынған болатын», - деді Ж.Қарынбаев.
Ол атап өткендей, Жолдауда еліміздің экономикасын, жалпы қоғамымызды, елдегі түрлі билік құрылымдарын заман талабына сай жүйелейтін 100 нақты қадам түзілген еді. Бұл өте үлкен ауқымды жұмыс. Сондықтан 5 институционалды реформаның аясына сыйғызды. Енді осыған дайындық жұмыстары басталып кетті. Біздің Елбасының мақаласынан оқып білгеніміз, жалпы бұл реформаны жұртқа жарияламас бұрын үлкен даярлық жұмыстардың жүргізілгендігі.
«Бұл, әрине, маңызды бастамаға дайындық. Мемлекет басшысы осы реформаны жасау алдында әлемдік деңгейдегі үлкен экономика саласының сарапшыларымен, қоғам қайраткерлерімен және белді мамандармен кеңестер өткізгендігін алға тартады. Реформа жарияланды, мақала жарық көрді. Бұл қоғамды осы тың реформаның түпкілікті мақсатымен таныстыру еді. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария еткенін жақсы білесіздер. Мына реформалар сол стратегияның асяында атқарылуы тиіс шаралардың бірі. Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» идеясын да жүзеге асырудың негізгі жұмыстары жүріп жатыр. Қорыта айтатын болсам, бұл «100 нақты қадам» Қазақстанды арманға жетелейтін және сол арманды бағындыру жолындағы баспалдақ іспеттес деп есептеймін. Енді тек Елбасының осы идеяларын іс жүзінде орындау мәселесі ғана тұр. Еліміздің берекесі мен бірлігі мықты болса, бұны да орындауға мүмкіндігіміз мол»,-дейді Ж.Қарынбаев.
Қанат Тұраров
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар