• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да ағаш қалдықтарын жанармайға айналдыратын шағын зауыт іске қосылады

ШҚО-да ағаш қалдықтарын жанармайға айналдыратын шағын зауыт іске қосылады

14 Қараша, 2013 11:50
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында инновациялық технологияларды қолдану арқылы ағаш қалдықтарын кәдеге жарататын мобильді шағын зауыт салынады, деп хабарлады ШҚО-ның ақпараттық орталығы.

«Еуразия Ұлттық университеті Инновациялық паркімен біріге отырып ауданда пайдаға асырылмаған ағаш қалдықтарынан биоотын жасау өнеркәсібін салу жоспарлануда. Мұнда жылына 2000 тонна шикізат өндіріледі деп күтілуде», - деп мәлімдеді Бесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов.

Тәжірибе аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Инновациялық паркі аудан мектептерінің бірін осы жанармай арқылы өз қаражатымен жылыту жүйесімен жарақтандыруға дайын. 

Сонымен қатар, Жыланды ауылында биожанармай брикетін өндіретін «Эко-Отын» ЖШС инновациялық жобасы қолға алынуда. Жылына 3520 тонна дайын өнім береді деп күтіліп отырған мекемені іске асыру үшін 176 млн теңге керек.

Естеріңізге сала кетейік, Бесқарағай ауданы облыстағы орманға бай аудан. Ауданда «Семей-орманы» орман шаруашылығының 6 филиалы бар.

 

Барлық жаңалықтар