П.Элай: Қазақстан түркі мемлекеттері мен барлық әлемге үлгі болады

17 Ақпан, 2016 11:33
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ХХ ғасырдың барлық тарихы табысты жүйенің өзгерісін байқады: Қатайдағы Ден Сяо Пин реформасы, Түркиядағы Тургут Озал реформасы. Барлық әлемді немістік, япондық, поляктік «экономикалық ғажайыптарға» таң қалуда. Бүгінгі күні Ұлт жоспары мен Дағдарысқа қарсы жоспар мысалында заманауи тарихта әлемдік экономика мен саясаттың қайта туындаған– «экономикалық ғажайыпқа қазақстандық модель» атты жаңа моделін шығаруда. Бұл жөнінде атақты әзірбайжандық ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Парвиз Элай Stratеgy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып өтті.

«Қазақстан- дамудың улкен әлеуеті бар ел. Бакуде өткен халықаралық экономикалық форумда сарапшылар мен экономистер орасан зор қоры мен серпінді дамуы үшін әлеуеті бар екінші мемлекет жоқ екендігін айтып өтті. Әрине, бұл жерде Қазақстанның тәуелсіздігіне тек 25 жыл толып жатқандығын ескеру керек. Сөзсіз, Қазақстанның жаһандық шақырылымдарға жауап беріп жатқандығын көрудеміз. Осылайша, президенттің 2015 жылдың 30 қарашадағы халыққа жолданған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында Жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын және Дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын, Ұлттық Банктің 2016-2018 жж. экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуі әзірленді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ХХ ғасырдың барлық тарихы табысты жүйенің өзгерісін байқады: Қатайдағы Ден Сяо Пин реформасы, Түркиядағы Тургут Озал реформасы. Барлық әлем немістік, япондық, поляктік «экономикалық ғажайыптарға» таң қалуда»,-деді шетелдік сарапшы.

Оның айтуы бойынша, Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарындағы ең маңызды мәселенің бірі сот жүйесін реформалау жатады және ол Қазақстанның алдағы дамуына септігін тигізеді.

«Есімде, Бакуде өткен форум кезінде сарапшылардың бірі маңызды сұрақ қойды- тарихи тәжірибеге сүйенсек, қай реформада экономиканың дамуына негізделген? Қойылған сұраққа барлығы бірдей жауап берді: «Сот жүйесінің реформасы», яғни әділдік пен заңдылық – қаржыландыру мен индустрияға қолайлы жер. Бұл мәнмәтіннің екінші бөлімінде ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН қамтамасыз ету қарастырылған.  «100 нақты қадамда» кәсіби тұжырымдама көрсетілген. Әрине, әрбір осындай тұжырымдама аталмыш мемлекетке өзінің ерекше қасиетін береді. Дегенмен, Елбасының «100 нақты қадамындағы» ерекше қасиетті айта кетуіміз керек. Өйткені осындай тұжырымдама басқа елдердің атақты экономикалық және саяссатында болған емес. Ол төртінші бөлімінде көрсетілген – БІРЛІК пен БІРЕГЕЙЛІК.  Бұл жерде, экономикалық табыстарымен барлық әлемді таң қалдырған елдер әрдайым тәуелсіз мемлекет болды және ұлттық идеялары өздерінің бұрыңғы тарихын алды.  Ал, Қазақстан пост- кеңестік Республика ретінде 25 жылдық тәжірибесі бар. Әрине, ұлттық сәйкестік патриотизм, махаббат пен мемлекет және халыққа деген сенімін, толеранттілігі, ұлттық патриоттық қызығушылығы – моральді негіздер және осы негіздерсіз ешбіреуі «экономикалық ғажапты» құрастыра алмаас еді. Алдағы уақытта Қазақстанның 30 дамыған елдердің қатарына енетініне үлкен сеніммен қараймыз, және түрік мемлекеті мен барлық әлем үлгі болады»,-деді П. Элай.

Данияр Қасымов

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Барлық жаңалықтар