Депутаттар сайлауына ОСК 30 млн-ға жуық бюллетень әзірлейді

17 Ақпан, 2016 11:14
Депутаттар сайлауына ОСК 30 млн-ға жуық бюллетень әзірлейді, деді ОСК-да өткен жиында ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

“Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының  кезектен тыс сайлауы бойынша – 9 млн 889 мың 075 дана,Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы бойынша – 18 млн  321 мың 969 дана бюллетеньдер шығарылды”, - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ Ортсайлауком саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітіп, сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесін белгіледі.

В.Фоостың айтуынша, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Айта кетейік, сайлау науқаны аясында барлығы 107 Мәжіліс депутаты сайланбақ. Оның 98-і партиялық тізім бойынша болса, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. Жергілікті билік органдарына 3335 барлық деңгейдегі мәслихат депутаты сайланбақ, оның 550-і облыстық, 625-і қалалық және 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар