• Басты
  • Ақтөбелік ЖОО мен колледждерге инклюзивті білім беруді енгізу жұмысы күшейді
17 Ақпан, 2016 10:14

Ақтөбелік ЖОО мен колледждерге инклюзивті білім беруді енгізу жұмысы күшейді

Ақтөбе облысындағы колледждер мен ЖОО-ға инклюзивті білім беруді күшейту тапсырмасын аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев медициналық колледждің мұғалімдері және студенттерімен өткен кездесуде айтты, деп «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы хабарлайды.
Ақтөбелік ЖОО мен колледждерге инклюзивті білім беруді енгізу жұмысы күшейді

Қазіргі күні колледжде 1600-ден астам студент білім алуда, олардың ішінде 15-і көру қабілеті нашар студенттер және олар мемлеккеттік тапсырыс бойынша инклюзивті бағдарлама бойынша оқиды. Бұл 18 бен 50 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар адамдар Ақтөбе, Батыс қазақстан және Қарағанды облыстарынан келген.  

Ағымдағы жылы массаж жасау мамандығы бойынша бірінші студенттердің түлегі шығады.

Әкім жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыруды да тапсырды. Сонымен қатар, сөз барысында жергілікті орган инклюзивті білімді дамыту жұмыстарын тек медициналық колледждерде ғана жүргізбей, аймақтың басқа да мекемелерінде болатындығын айтты. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановқа аталмыш мәселе бойынша жұмыс атқару тапсырмасы берілді.

Сонымен қатар, Б.Сапарбаев Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының жеткешісі Асет Калиевке мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйыммен бірге медициналық колледжге түсуге көмек жүргізу тапсырмасын берді.

«Мүгедектердің құқықтарын қорғау қоғамы арқылы бағдарлама бойынша білім алғысы келетіндердің саны қанша екендігін анықтау керек. Біз оларға мамандықты игеріп шығуға көмектесеміз, егер мемлекеттік тапсырыс жетпеген жағдайда, қосымша қаражат бөлеміз. Оқуға түсу үшін басымдық Ақтөбе облысының тұрғындарына және шалғай аудандарда тұратын тұрғындарға берілуі тиіс»,-деді ол.

Сондай-ақ, аймақ басшысы инклюзивті білім беру мүгедектер мен қашықтықтағы негізге қолжетімді болу керектігін айтып өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды