«Мәңгілік ел» үгіт пойызы Ағадыр ауылына келді

17 Ақпан, 2016 09:13
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» үгіт пойызы Қарағанды қаласынан Ағадыр ауылына келіп жетті. Ауыл тұрғындары келген қонақтарға саяхат жасатып, республикалық акция қатысушыларымен маңызды сұрақтармен бөлісті.

Қарағанды облысында орналасқан Ағадыр ауылы акцияның екінші бекеті болды. Осыдан кейін үгіт поезы Балхаш қаласына жол жүреді. Ал әзірше Ағадыр ауылының тұрғындары қатысушыларды концерттік бағдарламамен қарсы алды және ұлттық нақышта киінген тұрғындар бауырса, қымыз сынды тағамдарды ұсынды.

Ағадыр ауылы бойынша саяхат маңызды нысанадан басталды. Ағадырда «Ырыс-2004» ЖШС локомотиві жөндеу депосы орналасқан. Ол темір жол транспорттарының жолдарына жөндеу жұмыстарын, темір жолдарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады. Қазіргі күні нысанада 170 адам еңбек етуде. Депоның директоры Орынбек Нүрсеитов кәсіпорнынның жұмыс кезін көрсетіп, сондай-ақ мөрлерді алу бойынша мәселені айтып өтті, қазіргі күні депо мөрді Ресей Федерациясынан алады.

«Біз барлық өзекті сұрақтарды құлаққа алып, жеке басымызға мөр алу мәселесін алдық. Лгистика мен департамент бойынша хатшылық бар және олар осы мәселе бойынша жұмыс жасайды»,-деп Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің директоры Құралай Канахина айтып өтті.

Содан кейін «Мәңгілік ел» акциясының өкілдері мектеп, балабақшаға барды, қалалық кітапханада заңгерлер мен ХКО өкілдері және министрлік ауыл тұрғындарымен кездесіп, дәрігерлер ауылдық ауруханада тұрғындарға тексеріс жұмысын жүргізді.

Фото: Мейірім Смайыл

Барлық жаңалықтар