Ұлт жоспары: Жоғарғы Сот Кеңесінің қалыптастыру тәртібі

16 Ақпан, 2016 17:59
«Сейчас, как вы знаете, создан совершенно новый Высший судебный совет. Хотя он и раньше был: действовал Закон «О Высшем судебном совете». Но сейчас порядок формирования, его деятельность стали совершенно отличными от прежнего», - сказал он.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан бастап «Жоғары сот кеңесі туралы» ҚР Заңы күшіне енді, ол жерде аталған органның қалыптастыруы бойынша жаңа жолдарын ұсынады. Осы жөнінде толық ақпаратты ҚР Жоғары соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент бастығының орынбасары Жазбек Әбдиев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Қазір, жаңа Жоғары сот кеңесі құрылды. Негізі ол бұрындары да болды: «Жоғары сот кеңесі туралы» Заң болды. Қазіргі күні оны қайта қалыптастыру барысында, оның міндеттері өзгерілді»,-деді ол.

Ж.Әбдиевтің айтуынша, Жоғары сот кеңесінің 50 пайыз құрамын міндетін атқарушы төрешілер  және отставкадағы төрешілер құрайды. Олар негізгі қызметтерінен босатылып, тұрақты органдарда жұмыс істейді. Сонымен қатар Жоғары сот құрамына Бас прокурор, Жоғары сот төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі, Қазақстан Заңгерлер Одағы басқармасының төрағасы кіреді. Сонымен қатар, оның жұмыстарына ғалымдар, заңгерлер, халықаралық сарапшылар қатыса алады.

Жазыбек Әбдиевтің хабарлауынша, Жоғары сот мүшелерінің нақты саны анықталмаған, өйткені қандай мөлшерде және кімнің қалатындығы туралы шешім ҚР Президентіне жүктелген.

«Бір сөзбен айтқанда, Жоғары сот кеңесі-бұл авнономды орган және Президентінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асырудағы сот корпусын қалыптастыру, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету кепілдіктерімен айналысады.

Естерінізге сала кетейік, Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігі» атты екінші реформасына 19 қадам бағытталған.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар