• Басты
  • Қазақстандықтар депутаттардан өзекті проблемалардың шешілуін күтеді – сауалнама қорытындысы
16 Ақпан, 2016 20:26

Қазақстандықтар депутаттардан өзекті проблемалардың шешілуін күтеді – сауалнама қорытындысы

Төрт күннен кейін насихаттау кампаниясы басталады. Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер қатысады. Осы орайда Strategy2050.kz АА қазақстандықтар арасында алдағы сайлауға байланысты сауалнама өткізді.
Қазақстандықтар депутаттардан өзекті проблемалардың шешілуін күтеді – сауалнама қорытындысы

Айгүл Темірханова, балалар дәрігері

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы  30 қарашасындағы Жолдауында  бюджеттік саланың өкілдері мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жалақыны көтеру туралы айтқан болатын. Бұл медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына әсер етті. Біз жаңа кадрлардың келуін күтеміз. Бұл халық болашағы үшін өте маңызды. Парламент пен мәслихаттарда денсаулық сақтау мамандарының болғаны нұр үстіне нұр болар еді. Олар біздің мүддемізді қорғауға бет бұрар еді. Сондықтан, меніңше 2016 жылдың 20 наурызыныда өте маңызды саяси жағдай болады. Тысқары ешкім қалмауы керек.

Ерболат Арықбаев, жеке кәсіпкер:

-Бүгіндері ауылдарда шешілмеген мәселелер бар. Көп жағдайда ауылдық тұрғындарға мал басын ұстау қиынға соғып жатады. Ал бұл мәселе мал бастарына жем-шөптің ала алмауынан болады. Көбінесе шөп шабатын жерлердің болмауы- барлық жерлер крестьяндардың жеке меншігіне кеткен. Қазіргі күні ортақ шөп шабатын жер қалмады. Бұл нарықта қымбат емес ет, май,сүт және т.б. өнімдердлі әкелуге кедергі келтіреді.  Бұл жағдайды шешу үшін бірнеше заңдар мен құқықтық актілер қабылдау керек. Ол ішкі нарыққа көмегін тигізеді.  Сол себепті мен жаңа депутаттар келіп, ауыл тұрғынадарының мәселесіне көңіл бөледі деген сенімдемін. Осындай үміткерлерге дауыс беруге міндетті түрде барамыз.

Андрей Тимошин, көлік қызметкері:

- Депутаттықа үміткерлердің тізімін көрдім. Ол жерде жас адамдардың саны көп. Мысалы, біздің спортшылар, олимпиада чемпиондары. Менің оларға деген үлкен сенімім бар.  Сол себепті алда болатын сайлауға міндетті түрде барып, дауыс беруіміз тиіс.

Гульсара Амантаева, зейнеткер

- Бізде зейнеткерлік жасқа байланысты пікірталастар көп кездеседі. Ия заң бар, мен оны түсінемін. Алайда әрбіреуіне жекеше келген дұрыс деп есептеймін. Жаңа депутаттардың құрамы зейнеткерлік заңды жетілдіреді деп сенемін. Өз басым көптеген сайлауларға қатыстым. 20 наурызда болатын сайлауға мен міндетті түрде барамын.

Барлық жаңалықтар